2022 жылдың қаңтары қайғылы оқиғалардан басталды. Елдегі қалыптасқан жағдайға және қиын кезеңге қарамастан, медициналық қызметкерлер, соның ішінде біздің орталықтың қызметкерлері өз жұмыстарын тоқтаусыз жалғастырды.

"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰҚУ Қалалық кардиология орталығының қызметкерлеріне қаңтар айында орын алған қаладағы төтенше жағдайлар кезінде өзінің кәсіби борышын өтеу барысында көрсеткен жанқиярлығы мен өз кәсібіне берілгендігі үшін алғыс білдірді. Алғыс ретінде Орталыққа алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Орталық әкімшілігі атынан сіздердің игі тілектеріңізді қабыл алып, сіздердің тараптарыңыздан шыққан достық сезімдеріңіздің көрінісі мен біздің қызметкерлерімізге деген жағымды сыйлықты жоғары бағалай отырып, университетке зор алғысымызды білдіреміз. Біз назар аударғаныңыз үшін ризамыз!