Барлық уақытта дәрігер болу дегеніміз-артық жұмыс істеу, пациенттердің денсаулығы туралы алаңдау, олардың ауырсынуын сезіну және үлкен жауапкершілік. Сондықтан болар, өз өмірлерін басқа адамдарды құтқаруға арнауға аз ғана адам дайын.

Бүгін біздің Орталыққа қазақстандық әнші және актриса Карина Абдуллина келіп, Орталықтың медициналық қызметкерлеріне арналған алғыс сөздерін "Тек жаны таза адам ғана адамдардың жүрегін сауықтыра алады" деген өлеңімен білдірді.

Сіздерге Орталық атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге және жақын туыстарыңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс, береке-бірлік, туыстарыңыз бен достарыңыздың риясыз қолдауын тілейміз. Біздің өміріміздің екі міндетті және бірдей құнды жақтары бар: жұмыс және үй! Үйде махаббат, тыныштық пен жайлылық, мейірімділік пен қамқорлық, түсіністік, қолдау және өркендеу болсын.

Ал жұмыста, бұрынғыдай сәттілік және барлық істеріңіз табысты болсын. Сергектік және жағымды энергия әрқашан сіздерге серік болсын!