Медицинадағы аккредиттеу – бұл медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілікті сақтаудың кепілі, сондай-ақ, ол көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің индикаторы болып табылады.

"Ұлттық аккредиттеуден" өту – Орталықтың қабілеттілігін бағалауға, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттардың қоғамдық бірлестігі" ҚБ белгілеген белгілі бір салалық стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді. Бұл кардиологиялық пациенттердің Орталыққа деген сенімділігі мен сенімін арттырады.

2021 жылы біздің Орталық I біліктілік санатын алу үшін аккредиттеуден сәтті өтті, бұл медициналық көмек сапасының сәйкестігіне және медициналық қызмет көрсету қауіпсіздігіне кепілдік береді. Аккредиттеуден өту кезеңінде Орталықтың медицина қызметкерлері тарапынан қобалжулар болғаны рас, бірақ Орталық қызметкерлері өздерінің коммуникативтік және практикалық білімдерін қолдана отырып, өз дағдыларын көрсетті.