Орталық директоры өз ұжымын құттықтады. Ол орталықтың ұжымы негізінен әйелдер екенін, олай болмауы да мүмкін емес, өйткені тек әйелдер ғана пациенттерге шын жүректен, шыдамдылықпен, ықыласпен қарайтынын атап өтті. Сондай-ақ, кәсіподақ төрайымы Ибрагимова Айна Атабекқызына "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары атынан алғыс хат табыстады. Барлық қыз-келіншектер қауымына денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, әл-ауқат және махаббат тіледі.

Көктем мерекесі сізге керемет көңіл-күй сыйласын, барлық ізгі тілектеріңіз орындалсын! Ол тек қуаныш әкелетін жаңа бастамалардың бастауы болсын! Сізге әрқашан шынайы мақтау сөздер мен жылы лебіздер тілейміз!

Мерекеге Абай атындағы опера және балет театрының солисті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, кәсіби гитарашы, танымал әнші Ершат Қайырхан және әкімшілік-шаруашылық қызметінің атынан әуесқой әнші Ерлан Төлебаев музыкалық сәлемдерін тарту етті.