Бес мыңжылдыққа созылған әлемдік мәдениет тарихындағы ең көне мерекелердің бірі, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қастерлі мерекелерінің бірі Наурыз мейрамы болып табылады. Наурыз мейрамы бүгінгі күнге дейін өзінің ұлылығы мен қоғамдық маңызын жоғалтқан жоқ және бірліктің, қуаныштың, бақыттың, бейбітшіліктің, мейірімділіктің, кешірімділіктің, арман мен жақсылыққа деген үміттің ең танымал және бүкілхалықтық мерекелерінің бірі болып қала береді.

Қазақстанның барлық халықтары ұлтына және діни сеніміне қарамастан Наурыз мейрамын ерекше күтіп, үлкен қуанышпен атап өтеді.

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында "Наурыз" мерекесін тойлауға арналған іс-шара 2022 жылғы 18 наурыздан басталды, оған Орталық қызметкерлері қатысты. Үш бағыт бойынша спорттық жарыстар өткізілді: "Арқан тарту"," Асық ату","Ләңгі тебу".

Наурыз мейрамында молшылық пен ырыс-несібені білдіретін "Наурызкөже" дайындалды. Әр бөлім қызметкерлері қазақтың мол дастарханын көрсетуге тырысты. Мерекелік үстелдің басты тағамы Наурызкөже болды, оның жеті компоненті өмірдің жеті элементін білдіреді.

Мерекелік шараның соңы мерекелік концертпен аяқталды. Оған барлық бөлімдер қатысты. Соңында жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.