Еліміздің медициналық ұйымдарына кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет бойынша ұйымдастырушылық - медициналық көмек көрсету шеңберінде 2022 жылғы 8 сәуірде Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының (бұдан әрі - ҰҒКО) мамандары Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК болды.

Көшпелі комиссия құрамында: озық білім орталығының директоры Т.С. Капышев; интервенциялық кардиология бойынша КАД басшысы М. А. Арипов; кардиохирург дәрігер Мауль Яков Яковлевич және кардиолог дәрігер Р. С. Әбілдаева болды.

Кездесу нәтижесінде біздің өңірде кардиология мен кардиохирургияны одан әрі дамыту туралы мәселелері талқыланды, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында ҰҒКО-да біздің мамандардың біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар берілді және жария етілді.

ҰҒКО мамандары стационарлық емдеуде болған кардиологиялық және кардиохирургиялық бейіндегі пациенттерге кеңес берді және біздің қаламыздың емханаларында диспансерлік есепте тұрған пациенттер кеңес алу үшін шақырылды.