1950 жылдан бері БҰҰ бастамасымен дүние жүзі бойынша аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күні елімізде де кең көлемде мерекеленеді.

Осы мерекеге орай Қалалық кардиология орталығы өз қызметкерлерінің 6-14 жас аралығындағы балалары арасында өнер байқауын өткізді. Байқауға әртүрлі жанрлар бойынша жас өнерпаздар қатысты. Барлық өнер көрсеткен жас өнерпаздарға Орталық және кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар тапсырылып, ата-аналарына АЛҒЫС ХАТ берілді.

Бүгінгі мереке күні барша балаларға бақытты балалық шақ тілейміз. Балаларға бақыт сыйлайтын ата-аналар, сіздер аман болыңыздар. Шаңырақтарыңыздан сәбилеріңіздің күлкісі кетпесін! Мереке құтты болсын!