2022 жылғы 12 шілдеде Қалалық кардиологиялық орталықта кездесу өтті, оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М. Хамедов, ҚДСБ басшысының м. а., Е. Сұлтанғазиева, қала емханаларының бас дәрігерлері және Қалалық кардиологиялық орталықтың қызметкерлері қатысты. Кездесуде қаржыландырудағы қиындықтар, медициналық жарақтандырудың қолжетімділігі және денсаулық сақтау ұйымдарының шығыстары, медициналық ұйымдардағы дәрілік заттардың дефициті туралы мәселелер талқыланды.

Медициналық ұйымдардың басшылары тарапынан медицина қызметкерлерінің еңбек қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар болды және аталған проблемалардың барлығы медициналық процесті кешіктіретіні, бұл көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкелетіні атап өтілді.

Мәжіліс депутаты өз кезегінде кездесу үшін алғысын білдіріп, қаланың денсаулық сақтау мәселелерін қарауға ұсынатынына уәде берді.