1965 жылы туылған Моңғолия азаматы спорт министрі, Dorjsuren jargal Saikhan Қазақстанға алғаш рет 2017 жылдың ақпан айында Универсиадаға байланысты келген болатын. Ойын кезінде науқас ауырып қалып, осыған байланысты жедел медициналық жәрдем бригадасымен науқас шұғыл түрде Қалалық кардиологиялық орталыққа ырғағының бұзылуымен жеткізіледі. Тексеру кезінде науқасқа клапанды ауыстыру операциясы қажет екендігі анықталады.

Біздің орталықта ең білікті дәрігерлер жұмыс істейді деп санағандықтан 2022 жылдың 18 шілдесінде Dorjsuren Jargal Saikhan толық тексеруден өту үшін Қазақстанға арнайы келді. Бұл біздің орталықтың ең үздік кардиологиялық, оның ішінде шұғыл жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсететіндігін тағы да дәлелдейді, біздің орталықта тек Қазақстан азаматтары ғана емес, сондай-ақ шет елдердің азаматтары да ем ала алады.

Өз кезегінде спорт министрі Dorjsuren Jargal Saikhan біздің қызметкерлерге күнделікті қажырлы еңбегі мен мамандыққа берілгендігі үшін алғыс айтты.

Пациенттер біздің орталықты ең жақсы әсермен бөлісіп, ұзақ уақыттан қорықпай, қайтадан оралуды — жүректі емдеуді жоспарлағандарына, біз өте қуаныштымыз.