Қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы "аортаның аневризматикалық кеңеюі мен стратификациясы кезіндегі хирургиялық емдеу".

Оқыту Тель-Авив қаласында (Израиль) "SHEBA" клиникасы 10.07.2022 ж. бастап 22.07.2022 ж. дейін өтті.

2019 жылдан бастап "SHEBA" клиникасы әлемдегі үздік клиникалардың ондығына кіреді. 2021 жылы Newsweek журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік клиника деп аталды.

Алматы қ.ҚМК 4 дәрігері, кардиохирург – Мүсірепов Нұржан Жидебайұлы, Функционалдық диагностика дәрігері – Асанова қаракөз Мейрамбекқызы, кардиоанестезиолог – Мырзахмет Сана Саматбекқызы, кардиолог – Алпарова Анар Талғатқызы оқудан өтті.

Екі апталық оқу барысында дәрігерлер осы клиниканың жетекші кардиохирургтарының қатысуымен қабылдауға, толық тексеруге, операция алдындағы дайындыққа және тікелей кардиохирургиялық операцияларға қатысты. Барлық жоғары технологиялық операциялар жасанды қан айналымы жағдайында жүргізілді. Сондай-ақ, дәрігерлер LVAD (жасанды сол жақ қарыншаны) имплантациялау операциясына қатыса алды.