Алматы қалалық кардиология орталығының рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сахов Оразбектің қатысуымен 2022 жыл тамыз айының 12 жұлдызында Жетісу облыстық кардиологиялық орталығында TAVI отасы бойынша шеберлік сабағы өтті.

Қолқа қақпақшасының қатты тарылуы бар 2 науқасқа эндоваскулярлық жолмен (наркозсыз, кеуде қуысын ашпай, сан артериясы арқылы) қолқа қақпақшасының протезі қойылды. Оталар жақсы өтті, науқастар өзін жақсы сезінуде.

Бұл оталардың ерекшелігі науқасқа жеңіл жасалуы және олардың тез оңалуында. Заманауи технологиялар трансферті негізінде осындай күрделі оталар тек қана үлкен ғылыми орталықтарда емес, облыс орталықтарында да жасалып жатыр. Бұл науқастарға өте ыңғайлы, жоғары

технологиялық медициналық көмекке мұқтаж адамдар қажет емді өздеріне қолайлы емдеу мекемесінде алуына болады.