Жаңа оқу жылы қарсаңында Алмалы ауданындағы "Аманат" партиясының ғимаратында "Баланы мектепке жинайық"қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК директоры А.Т. Кодабаев балаларды мектепке дайындау бойынша ата-ана қамқорлығының бір бөлігін өз мойнына алып, болашақ 60 бірінші сынып оқушыларына мектеп керек-жарақтары бар портфельді және мектеп формасын сатып алуға ақшалай сертификаттарды сыйға тартты.

Тапсыру соңында орталық директоры болашақ бірінші сынып оқушыларына табысты оқуды, жаңа ашылулар үшін табандылық пен батылдық, білім еліне бақытты жол тіледі.