«Мені алға сүйрейтін - жақсылыққа деген ұмтылыс. Жаным жақсылыққа құмар, соның арқасында алда келем.

Істеп көрер дүниелерім әлі алда. Әрқашан жақсы нәрсені армандап, жеңіске жеткенді жақсы көремін», - дейді кардиохирург-дәрігер Алмат Қодасбаев. Алмат Тұрысбекұлы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген.

Медицина ғылымдарының кандидаты, 5 мыңнан астам науқасқа ота жасаған тәжірибелі маман. Бүгінгі таңда Алматы кардиология орталығын басқарып отыр.