Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Кейде әйел өзі арандатты, дұрыс істемеді деп жатады. Мұндай сөздер ешқашан зорлықты ақтай алмайды. Ол – қылмыс. Әйел өзі бірінші зорлық көрсетіп арандатпаса, оның мінез-құлқы мен іс-әрекеті қылмысты ақтамайдыЗОРЛЫҚТА ӘРҚАШАН ЖӘБІР КӨРСЕТУШІ КІНӘЛІ. СОНДЫҚТАН ҮНЕМІ АЛДЫМЕН ҚҰРБАНДЫ ТЫҢДАУ КЕРЕК. Себебі зорлықтың қай түрі болса да психологиялық азап шегетін — жәбірленуші. Оның жағдайы онсыз да осал, ол қауіпсіздікті сезбейді.

Отанның бастауын отбасыға тіреген халықпыз. Ал отбасында береке, үй ішінде мейірім болмаса, ол шаңырақтың керегесі сөгіле бастайды. Зорлық-зомбылықтың зардабын бүгін әйел тартса, зияны баланың болашағына тиері сөзсіз. Себебі күн сайын ұрыс-төбелесті көріп, дау-жанжалды естіп өскен баладан сау ұрпақ шықпасы анық. Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы, әйел – ана, әйел ұрпақ жалғастырушы тұлға болып табылады.

 Сол себепті қорлық пен зорлыққа жол жоқ. Әрбір әйел, әрбір бала бақытты болуға лайықты.

Ссылка на публикацию в инстаграмме