Жаңалықтар

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген Сапа айлығы аясында халықты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында Абай атындағы МАОБТ опера әншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты қатысуымен «Жұлдыздармен бірге» акциясын өткізді.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК директоры А.Т. Қодасбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында мерейтойлық медальмен марапатталды (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл).

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қалалық кардиология орталығы қызметкерлеріне марапаттар мен сыйақылар тағайындалды.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК «Мәңгілік ел» идеясын өзектендіру және насихаттау мақсатында флэшмоб өткізілді.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игілікті іс» акциясы аясында орталық аумағы және Төле би көшесі жағындағы ауласы қоршалып, ағаштар мен көшеттер отырғызылды

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мемлекет басшысының – Ұлт көшбасшысының еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы роліне арналған тақырыптық стенд жасалды.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК спортты, салауатты өмір салтын насихаттау аясында командалар арасында футбол матчы өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК қабылдау бөлімінің дәрігері «Құлагер» МСАК орталығы ШЖҚ МКК Ашық есік күнін өткізуге белсенді қатысып, кардиологиялық бейінді пациенттерді қабылдады. Емхана әкімшілігі оған шексіз алғыстарын білдірді

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК аритмология бөлімі дәрігерлері Сапа айлығы аясында бұрын орталықта электрокардиостимулятор және кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы жасалған пациенттерді шақырып, құрылғы қызметіне бақылау зерттеулерін жүргізді

2016 жылы 29 қарашада Қалалық Кардиология орталығында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедра қызметкерлерінің қатысуымен Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы денсаулық сақтау саласының жетістігін насихаттау мақсатында дөңгелек үстел жүргізілді.