Қалалық кардиология орталығында Алматы қаласының Жетісу ауданынан басқа, барлық аудандары тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсететін әрқайсысы 40 төсек-орынға арналған 6 кардиологиялық бөлім және 20 төсек-орынға арналған ақылы бөлім жұмыс істейді.

Жедел көмек көрсету сапасын жақсарту үшін барлық бөлімдердің құрамында субинтенсивті терапия палаталары бар.
Бөлімдерде пациенттер үшін заманауи үлгіде барлық жағдай жасалған.
Орталық бөлімдерінде кардиология бойынша мол тәжірибесі бар білікті мамандар, өз ісін жақсы білетін орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Мамандардың басым бөлігі жақын және алыс шет елдерде оқып, тағылымдамадан өткен.
Оңтүстік Корей республикасының клиникаларымен және университеттерімен жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жұмыстар қызу жүруде:
Енсе университеті жанындағы Северанс (Severance) клиникасы, Сеул қ.,
Седжон (Sejong General Hospital) клиникасы, Сеул қ.
Біздің орталықтың 6 дәрігері Корей клиникаларының жұмыс орындарында осы Меморандум аясында білім алды.

Бөлімдер жүректің ишемиялық ауруларының жіті түрлерімен ауыратын науқастарға шұғыл көмек көрсетуге арналған: тұрақсыз стенокардия және миокард жіті инфаркты; артериялық гипертензияның асқынған түрлері, миокардит және декомпенсация кезеңіндегі жүрек-қан тамыры жүйесінің басқа да аурулары.

Орталық дәрігерлері жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларына диагностика жасау және емдеу үшін кардиологиядағы және медицинадағы барлық заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді практикада табысты қолданып жүр.

Хирургиялық араласулар, коронарография, кардиостимуляторлар имплантациясына дайындық жасалуда.

Орталық қызметіне ИСО 9001-2008 (Сертификат№ KZ.7500207/07/03/00209) «Сапа менеджменті жүйесі» стандарты енігізілді.

Кардиология орталығы Асфендияров атд. ҚазҰМУ мен Алматы медицина колледжі кафедраларының клиникалық базасы болып табылады:

  • ҚазҰМУ № 3 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы каф.меңг., профессор, м.ғ.д. Б.С. Искаков.
  • ҚазҰМУ2 Кафедра жедел әрі шұғыл медициналық көмек және ішкі аурулар кафедрасы –каф. меңг., профессор, м.ғ.д.К.М.Турланов.
  • ҚазҰМУ1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы каф.меңг., профессор, м.ғ.д. С.Ф. Беркінбаев.
  • ҚазҰМУ2 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы каф.меңг., профессор, м.ғ.д. Н.Е.Айдарғалиева
  • ҚазҰМУ жүрек-қан тамыры хирургиясы кафедрасы - каф. меңг., профессор, м.ғ.д. Т.Ж. Егембердиев.
  • АМК мейіргер ісі негіздерімен практикаға кіріспе.