Рысмендиев Бекжан Арменұлы – интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог-дәрігер, Еуропалық Жүрек қағысы Ассоциациясының (ЕНRA) және Еуропалық кардиологтар қоғамының (ESC) мүшесі, Қазақ аритмологотар қоғамы президиумының мүшесі, Алматы қ. штаттан тыс бас аритмологы.

ҚКО интервенциялық аритмология бөлімі:

  • ҚКО интервенциялық аритмология бөлімі 2008 жылдан бері кардиохирургия бөлімінің құрамында жұмыс істеп келеді.
  • Бөлім қызметкерлері жақын және алыс шетел клиникаларында (Новосибирск қ., Томск қ. - Ресей; Каунас қ. - Литва; Вена қ.- Австрия, Брно қ. - Чехия; Дюссельдорф, Эссен, Мюнхен қалалары – Германия) біліктілікті арттыру курстарынан өтті, интервенциялық аритмологтар мен кардиологтардың халықаралық конгрестеріне және съездеріне қатысып тұрады, Еуропалық Жүрек қағысы Ассоциациясының (ЕНRA) және Еуропалық кардиологтар қоғамының (ESC) мүшесі болып табылады.
  • Бөлімнің негізгі міндеті – брадиаритмияның әр түрінде және өміріне қауіп туғызатын аритмия кезінде жүрек қағысына жасанды жүргізушілерді импланттау, пароксизмалды тахикардия кезінде ЭФЗ (электрофизиологиялық зерттеу) және РЖА (радиожиілікті аблация) жүргізу.

Кардиоорталық базасында клиникалық практикаға енгізілген инновациялық әдістер:

  • 2010ж. Алматы қ. тұңғыш рет 2 камералы электрокардиостимулятор имплантациясы жасалды;
  • 2010ж. Алматы қ. тұңғыш рет кардиоресинхрондаушы құрылғы CRT-Р имплантталды;
  • Уақытша кардиостимуляция үшін эндокардиалды электродтардың тәуліктік құрылғысы жолға қойылды;
  • Ресинхрондау еміне (СRT) арналған құрылғы және кардиовертор-дефибрилляторлар (ИКД) имплантациясы жасалады;
  • Қашықтықтан мониторлау арқылы (home monitoring) құрылғылар имплантациясы енгізілді;
  • Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеулер және радиожиілікті аблация басталды;
  • 2008 жылдан бері 1000 аса интервенциялық аритмологиялық оталар (электрокардиостимуляторлар, кардиовертор-дефибрилляторлар имплантациясы, кардиоресинхрондаушы құрылғылар, пароксизмалды тахикардия және аритмогенді аймақтағы радиожиілікті аблация) жасалды.