2017 жылы 01 желтоқсанда Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылған "100 жаңа есім" республикалық жобасының жеңімпаздарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты кездесуі өтті.

Жоба 07 маусымда басталды, оның басты мақсаты - әртүрлі кәсіптердің ең үздіктерін анықтау. Бастапқыда 2200 кандидат іріктелді, одан әрі арнайы комиссияның сараптауынан өтті. Қорытынды кезеңде жеңімпаздар жобаның ресми сайтында халықтық дауыс беру жолымен анықталды.

Осы жобада ҚКО директоры А.Т. Қодасбаев жеңімпаз атанғанын біз мақтанышпен хабарлаймыз. Алмат Тұрысбекұлын жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де толағай табыстарға жете беруін тілейміз!