Алматы қаласының Қалалық кардиологиялық орталығының Талдықорған қаласының Облыстық кардиологиялық орталығымен стратегиялық әріптестігі аясында Талдықорған қаласының ОКО жағдайында көшпелі ота жасалды.

Көшпелі шеберлік сыныбына Алматы қ. Қалалық кардиология орталығының 2022 жылғы шілдеде Тель-Авив қ. SHEBA медициналық орталығында (Израиль) біліктілігін арттырып келген кардиохирургия меңгерушісі Н. Ж. Мүсірепов, функционалдық диагностика дәрігері Қ.М. Асанова қатысты. Олар талдықорғандық әріптестерімен Израильдің жетекші мамандарынан алған білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Талдықорған қ. ОКО директоры Н. С. Сурашевпен бірлесіп, қолқа қақпақшасының субтотальді жеткіліксіздігі бар қолқаның көтерілу бөлімінің аневризмасы диагнозымен түскен науқасқа күрделі ота - Бенталло Де Боно (қолқаның көтерілу бөлімін протездеу + жасанды қан айналымы жағдайында коронарлық артериялардың аузын қайта имплантациялаумен артальді қақпақшаны протездеу) жасалды.