Жаңалықтар

Коронавирус індеті әлемді жайлаған ауыр кезеңде осы ауруға шалдыққан нау­қастарды емдеумен негізінен инфекционист-дәрігерлер, эпидемиологтар бетпе-бет келіп отыр. Олардың қазіргі жұмыс режимі өте тығыз әрі қауіпті. Қазіргідей сын сағатта дәрігерлердің жұмысы аса жауапты екенін түсінеміз.

Жаңа аптаның қарсаңында мемкомиссияның шешімімен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейетін барлық...

Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстанда осы дерттерге шалдығушылық 5-7 есеге өссе, ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша қазақ елі алғашқы орындарда тұр. Әлемде жыл сайын жүрек қантамырлары ауруларынан 17 млн адам көз жұмады екен. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Ал отандық мамандар дерттің соңғы 20 жылда елімізде де дендеп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Римантас Бенетис шеберлік сыныбында жүрек қақпақшаларын сақтайтын операциялардың қазіргі мүмкіндіктерін көрсетті. Америка мен Еуропаның жетекші клиникаларында жұмыс істеген профессордың бұл орталыққа осымен екінші рет келуі.

Міне, жетпіске тақағанша жүрегімнің ақаулығын сезбеппін. Былтыр көктемде арасына 15 күн ғана салып екі бірдей туған қарындасымнан айырылып, қатты қайғырдым. Бақытгүл – 51 жаста, ал Фарида – 49-да ғана еді. Ішіме шер толып кетті ме, содан кейін сәл-пәл жүрегім ентігетін, тарсылдап соғып кететін әдет пайда болды.

2018 жылдың 22-23 қазан күндері Шымкент Теміржол ауруханасында «Емханаға тіркеу» шарасы аясында «Ашық есік» күні өтті. Қала тұрғындарына елімізге танымал дәрігерлер тегін медициналық қызмет көрсетті. Сондай білікті дәрігерлердің бірі - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық кардиология орталығының» кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі...

Ол – Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының алғашқы кезеңінің жеңімпаздарының бірі. Биылғы «Егемен елдің 100 қайраткері» көшінен ойып орын алған мерейі үстем, абыройы асқақ азамат. Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты. Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі. «Даңқ жұлдызы» орденінің иегері. Алматы қалалық кардиология орталығының басшысы. Таныс болыңыз, «Қазақ әдебиетінің» тың кейіпкері – ақ халатты абзал жан – Алмат Қодасбаев.

Нұрсан Сұрашев – жыл дәрігері. Ол жыл сайын жүрекке 700-ге жуық ашық ота жасайды. Он бес жылдан астам жалпы хирургияда, он жылға жуық кардиохирургия саласында қызмет ететін 37 жастағы жас дәрігердің күніне бес операцияға дейін жасайтын кезі болады...

Кеше 11.07.2018 ж. сәрсенбінің сәтінде Алматы қалалық кардиология орталығында (орталық директоры — белгілі кардиолог хирург, есімі Қазақстанға танымал 100 тұлға қатарына енген республикаға кеңінен танымал азамат...

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қалалық кардиология орталығында эхокардиография бойынша конференция мен шеберлік-сыныбы өтті. 2018 жылдың 15 мамыр күні Алматы қаласының ДСБҚ Қалалық кардиология орталығында эхокардиография бойынша «Эхокардиографиядағы сандық анализ» тақырыбында конференция және медицина ғылымдарының докторы, профессор, Томск қаласының кардиология ҒЗИ-нің атеросклероз бен созылмалы ишемиялық ауруы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Павлюкова Е.Н. қатысуымен VIVID E95 4D-көлемді премиум класстық ультрадыбыстық жүйесінде шеберлік-сыныбы өтті.